
Өмірбаяны
Бердіғалиева Роза Аманғалиқызы (5 мамыр 1945, Қара-Бөрік ауылы, Астрахан облысы, РКФСР - 24 наурыз 2015) – тарих ғылымдарының кандидаты, профессор, Қазақстан Республикасының Кітапханалар ассоциясының президенті, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері.
Білімі
Мәскеу мемлекеттік мәдениет институты, кітапхана факультеті (1963)
Ғылыми дәрежесі және ғылыми атақтары
Тарих ғылымдарының кандидаты (1997), «Становление Национальной библиотеки Республики Казахстан и развитие исторических исследований в 1931-1945 гг.» диссертациясы
БҰҰ жанындағы Халықаралық ақпараттандыру Академиясының «Кітапханатану» бөлімшесінің академик-мүшесі (1995-2008)
«Еуразия» Халықаралық экономикалық академиясының корреспондент-мүшесі (1998)
М. О. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің Құрметті профессоры (2003)
Еңбек қызметі
Мемлекеттік республикалық балалар кітапханасы ғылыми-әдістемелік бөлімінің меңгерушісі, библиограф (1967-1972)
Алматы қаласының Фрунзе аудандық комсомол комитетінің екінші хатшысы (1972-1976)
Мемлекеттік республикалық жасөспірімдер кітапханасының негізін қалаушы, алғашқы директоры (1976-1984)
Республикалық халықтық шығармашылық және мәдени ағартушылық жұмыстар ғылыми-әдістемелік орталығының директоры (1984-1987)
Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының бас директоры (1987-2003)
Қазақстан Республикасының Кітапханалық ассоциясының президенті, ҚРКА (1997-2014)
Еуразия Кітапханалар ассоциясының президенті (2001-2002)
Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасының негізін қалаушы, алғашқы бас директоры (2003-2009)
Астанадағы Қазақ ұлттық өнер университетінің ақпараттық-кітапханалық орталығының жетекшісі (2010-2012)
Алматыдағы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ғылыми-ақпараттық кітапханалық қызметінің жетекшісі (2013-2015)
Марапаттары
Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері (1995)
«Құрмет» ордені (2000)
«Білім беру ісінің үздігі» төс белгісі (2003)
В. Даль атындағы медаль (2001)
«М. А. Шолоховтың 100 жылдығына» медалі (2005) ж. б.
Бердіғалиева Роза Аманғалиқызы – әлеуметтік-мәдени мекеме ретінде кітапхананы маркетингтік басқарудың стратегиясы мен тактикасы, кітапхана процестерін автоматтандыру, Қазақстандағы кітапхана қызметінің дәстүрлі бағыттарын жаңарту бағытындағы 150-ден астам ғылыми жарияланымның авторы, редакторы.
«Кітапхана» журналының ұйымдастырушысы және бас редакторы, ресейлік «Библиотека» журналының халықаралық редакциялық кеңесінің мүшесі.
2020 жылғы 28 қазанда Алматы қаласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында «Р. А. Бердіғалиева атындағы кітапханатану залы» ашылды.